Жаңалықтар
Елімізде қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз
Қыз алып қашқандар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазды qandastar.kz
Қылмыстық кодексін оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобы түзетулерді қарап жатыр.
Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, қыз алып қашқандар бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыс сынды жазаға тартылады.
«Бәрі жағдайға байланысты. Бұл бір топ адаммен жасалса, кәмелетке толмаған балаға қатысты болса, қандай да бір зиян келтірілсе, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма», бәрі ескеріледі”, – деді депутат.
Бұған дейін бұл жалпылама “Адам ұрлау” деп қарастырылатын. Енді қызды үйлену үшін ұрлау деп бөлек қарастырылмақ.