Жаңалықтар
Еліміздің жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды
Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.