Жаңалықтар

Еңбек министрлігі балаларға бірыңғай жәрдемақы енгізу туралы ақпаратты жоққа шығарды

 

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Бұл ақпарат жалған. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз»

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close