Қаржы және төлемдер
Енді банктер арасындағы аударымдар мен карта шығару үшін алынатын комиссияға салық салынбақ
Фото: стан кз
Қазақстанда енді банктер арасындағы аударымдар мен карта шығару қызметі үшін алынатын комиссияға да салық салынуы мүмкін. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келесі жылы күшіне енетін жаңа салық кодексінде банктердегі комиссияға салық салу көзделген.
Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, ереженің қарапайым адамдар жасап жүрген аударымдарға қатысы жоқ. Салықтан комиссиясыз жүзеге асырылған операциялар да босатылады.
Ұсынылған бұл нормалар бүгінде парламенттің талқылауында жатыр. Ал жаңа салық кодексінің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады.
Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады. Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды.