Жаңалықтар

Енді QAZAQ AIR Астанадан Жезқазғанға күн сайын ұшады

Фото: ашық дереккөз

QAZAR AIR әуекомпаниясы 27 қазаннан бастап Астанадан Жезқазғанға күнделікті тұрақты рейстерді төмендегі рейстерге сәйкес орындайды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Көлік министрлігі мәлім еткендей, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Астана (07:35) – Жезқазған (09:10), Жезқазған (13:50) – Астана (14:45), ал сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Астана (07:35) – Жезқазған (09: 00), Жезқазған (09:40) – Астана (11: 00) рейс кестесі шыққан.

Айта кету керек, бұдан бөлек, Жезқазған тұрғындарына Астана арқылы Петропавл, Омбы, Новосібір, Екатеринбург, Қостанай, Қызылорда және Алматыға қосылатын ыңғайлы рейстер қарастырылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close