Жаңалықтар

Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты дерек шықты

Фото: скрин видео

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев борышын өтеу кезінде басынан ауыр жарақат алған мерзімді сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты іс бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz-ке сілтеп.

Мақсат Қазиевтің айтуынша, бұл іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.

«Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу нәтижелеріне пікір білдіре алмаймыз, өйткені ол көп адамның мүддесін қозғайды. Тергеу Бас прокуратураның, Бас әскери прокурордың ерекше бақылауымен жүргізіліп жатыр. Ұлттық ұлан сарбаздың ата-анасымен байланыста», — деді Қазиев.

Оның сөзінше, қазір бұл іс бойынша нақты күдіктілер жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close