Жаңалықтар

EURO – 2024: Грузия мен Чехия тең түсті

Фото: Сhampionat.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында тоғызыншы ойын күні, 22 маусымда F тобындағы Грузия мен Чехия тең түсті, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Құрлықтық додаға алғаш қатысып отырған грузиялық құрама өз жанкүйерлерін қуантуға тырысып келеді. Өткен турда Түркияға 1:3 есебімен есе жіберген олар бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салды.

Ойын барысында құрамалар тезірек гол соғуға тырысты. Десе де олардың тарапынан дәлдік жетіспей жатты. Кейбір сәтте қақпашылар әбжілдік танытса, ендігі бір сәтте шабуыл шебіндегі футболшылар мергендік таныта алмады.

Ойынның 49-минутында Чехия қақпасына белгіленген пенальтиден грузиялық Жорж Микаутадзе мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде чехиялық Патрик Шик 59-минутында таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір аталған топта Түркия мен Португалия құрамалары кездесіп жатыр. Әзірге Португалия 2:0 есебімен алда келеді.

Сондай-ақ 00.00-де E тобындағы Бельгия мен Румыния кездеседі.

Еске салсақ, D тобындағы Нидерланд пен Франция кездесуі тең аяқталды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close