Әлем жаңалықтары
Еуроодақ Ресей активтерінен түскен кіріс есебінен Украинаға қорғаныс үшін 2 миллиард еуро бөлді

Фото: Lukasz Kobus/EU
12 мамырда Брюссельде өткен “Украина қорғаныс” форумында Еуроодақ сыртқы саясат қызметінің басшысы Каи Калластың өкілі Шарль Фриз екі аптада Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі алуға қосымша 900 миллион еуро бөлінетінін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dw.com сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сома 9 мамырда Львовта жарияланған 1 миллиард еуроға қосымша көмек. Қаржы ЕО-да бұғатталған ресейлік активтерден түскен пайыздан бөлінуде. Жалпы Еуроодақ Украина қорғаныс өнеркәсібіне 3,3 миллиард еуро бағыттап, ең ірі шетелдік инвесторға айналды.
Форумда Украина мен Еуропаның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің қауымдастығы (ASD) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. ASD Украинамен серіктестікті дамыту үшін арнайы онлайн-платформаны іске қосты.
Украина қорғаныс министрі Герман Сметанин Еуропа компанияларының украин қорғаныс секторы мен оның икемділігіне қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Екі тарап өзара тиімді серіктестікке ұмтылып отыр.
Сол күні Еуроодақ пен Украина қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты тереңдету үшін бірлескен жұмыс тобын құрды. Бұл топ Украина қорғаныс саласын ЕО өндірістік жүйесіне кіргізуге, сондай-ақ ReArm Europe бағдарламасына қатысуға көмектеседі. Бұл бағдарлама гранттар мен жеңілдетілген несиелерді қарастырады.
Форум жабық форматта өтті. Бірақ қатысушылар әлеуетті серіктестермен кездесіп, семинарларға қатысты. Еурокомиссар Андрюс Кубилюс ЕО стратегиясында Украина қорғанысын күшейту – басым бағыт екенін атап өтті.