Жаңалықтар
Интернет-алаяқтарға алданғандардың несиесі есептен шығады
Фото: ашық дереккөз
Жоғарғы соттың халықаралық кеңесі банктер мен микрокредиттік ұйымдарға интернет-алаяқтарға алданғандардың несиелерін есептен шығару туралы ұсыныс жасады, деп жазады qandastar.kz
Жоғарғы соттың халықаралық кеңесінің отырысында сот процестеріне жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтардан зардап шеккендердің мүддесін қорғау мәселелері талқыланды.
“Несиені клиенттің қатысуынсыз, алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару бойынша заңды түрде бекітілген міндеттемесі жағдайды түбегейлі өзгертеді. Бұл норма несиелік ұйымдарды несиелердің қауіпсіздік шаралары сақтай отырып берілуін қамтамасыз етуге ынталандыруы тиіс”, – дейді Жоғарғы сот.
Сондай-ақ судьялар интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың күрт өскенін атап өтті. 2023 жылы қылмыс саны саны өткен жылмен салыстырғанда 270 пайызға артқан. Қазақстандықтар қылмыскерлердің қысымымен несие алып, кейде мүлкін сатып жібереді. Осылайша алаяқтардың құрбаны болады.
Сонымен қатар Жоғарғы сот алаяқтық жолмен алынған қаражатты қайтару тәжірибесін енгізді.