Жаңалықтар

Иран Израильге тағы да зымыран ұшырды

Иран дүйсенбіге қараған түні Израильге тағы да зымыран ұшырды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Израильдің Magen David Adom жедел жәрдем қызметі осы уақытқа дейін бірнеше жеңіл жарақат алған адам туралы мәлімет алғанын хабарлайды, ал Jerusalem Post газетінің жазуынша, 35 адам жарақат алған, оның ішінде ауыр жараланған 10 жасар бала бар.

Израильдің Өрт сөндіру және құтқару қызметі елдің орталық бөлігінде бірнеше өрт болғанын хабарлады.

Израиль баспасөзінің хабарлауынша, жарылыстардың дыбысы елдің орталығындағы түрлі аймақтарда естілген.

Иранның мемлекеттік баспасөзі шабуылдың Хайфада болғанын мәлімдеді, Израиль тарапы да Хайфада жарылыс болғанын растады, бірақ оның салдары туралы әлі сенімді ақпарат жоқ.

Қазіргі кезде Израильде дабыл тоқтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close