Жаңалықтар

105 млн жымқырғандар сотталды

Мұндай қылмысты Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағат істері мен құжаттама комитеті төрағасының орынбасары IT компанияның директорымен бірігіп жасаған. Қазір күдіктілердің әрқайсысы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Үкімге сәйкес сотталушылар келітірілген залалды өтеуі тиіс.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: – Қаражатты жымқыру «құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін техникалық сүйемелдеуге бюджет ақшасын бөлу және аудару арқылы компьютерлік технологиялар саласындағы терминологияны қолдана отырып, орындалған жұмыстарға қайта қосу арқылы жүзеге асырылғандығы анықталды.

Ұрланған ақша қаражаты қылмыстық шығу тегін жасыру және заңды айналымға енгізу мақсатында сенімді тұлғаларға рәсімделген қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталған.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close