Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев : Утильалымды талқылай беруге негіз жоқ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымға қатысты жиыннан шоу жасаудың қажеті жоқ екенін, бұл тақырыпты жабу қажетін айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Менде бұл мәселе бойынша артық пікір жоқ. “Жалған” сарапшылардың тексерілмеген ақпаратын талдау орынсыз. Петиция талаптарына жауаптың толық мәтінімен министрліктің сайтында танысуға мүмкіндік бар. Онда толық дәлел келтірілген. Жұмыс тобы менің бұйрығыммен бекітілді. Осы жұмыс тобы аясында Министрлік өкілдері, талқылауға қатысты», – деп
Қанат Шарлапаев Үкіметте айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымы мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға талаптарын қанағаттандырмайтынын мәлімдеген еді.

Утилизация алымы – мемлекетке төленетін бір реттік төлем, ол келешекте көлікті утилизацияға жіберген кезде жұмсалуға тиіс қаржы. Қазақстанда көлікті елге алып келгенде төленетін утильалым 2016 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Кейін қоғам тарапынан сынға ұшырап, 2022 жылы қайта қаралды. Сол жылғы мамырда утильалымның жаңа мөлшерлемелері жарияланды. Төлем 50%-ға азайды. Қазіргі таңда бұл іспен «Жасыл Даму» АҚ айналысады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close