Жаңалықтар

Қарағанды әкімдігі 20 млн тұратын қызметтік көлік сатып алған

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының құрылыс және сәулет басқармасы құны 20,5 миллион теңге тұратын қымбатты қызметтік көлік сатып алғаны хабарланды, деп жазды qandastar.kz

Мемсатып алу сайтындағы дерекке қарағанда, аптокөлік Нұрлан Смағұловқа тиесілі «Астана Моторс» компаниясының Қарағанды филиалынан алынған. 

Техникалық сипаттама бойынша темір тұлпар сұр түсті, жылы жәп-жаңа, қозғалтқыш көлемі 2,5 GDI, D-классының санатына жатады.

Әшкере телеграм арнасы бөліскендей, мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру 18 ақпанда жарияланып, екі күннен кейін тендерге ешкім қатыспағандықтан, сатып алу бір көзден жүзеге асырылған.

Айта кетелік, осы өткен айда ғана президент Тоқаев Үкімет пен оған бағынышты органдарға бюджет қаражатын қатаң үнемдеу керек екенін ескертіп, «көрпеге қарай көсілуге» шақырған. 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close