Жаңалықтар

Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Қант диабетін адамның тыныс алуы арқылы білуге болады. Елордалық ғалым күрделі дертті ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Аманжол Тұрлыбекұлы бұл ғылыми жоба жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр.

Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гармондар бөлінбейді. Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады. Ал осы екі ерекшелік арқылы құрылғы диабеттің бар-жоғын анықтайды. Ғылыми жоба ойдағыдай аяқталса, смарт сағаттар арқылы қолдануға болады.

Аманжол Тұрлыбекұлы, ғалым:

Менің жоспарлауым бойынша бұл құрал барлық адамдарға қолдануға болатын болады, себебі қан талдамасын жүргізу және де басқа медициналық талдау қажет болмайды тек дем арқылы ғана. Құралды әзірлеу осы 2024 жылдың аяғына дейін жоспарланған.

Елордалық тағы бір ғалым Бахтияр Ажкеннің жаңалығы обыр ауруымен байланысты. Өңештің қатерлі ісігіне шалдыққан азаматтарға тәжірибе жасай келе, 15 адамның 14-інен ауыз қуысы төңірегінен бөртпелер байқаған. Герпес пен обырдың байланысын әлі де зерттеп келеді. Зерттеудің келесі кезеңіне де көшкен.

Бахтияр Ажкен, ғалым:

Қазақстанда бұл зерттеу жұмысын алғаш рет өткізіп жатырмыз. Герпес вирусын өңеш обырына шалдыққан азаматтардың 93 пайызынан анықтадық. Ендігі мақсат егер бөртпелерді фармокатерапия арқылы емдесек, онкологияны да жаза аламыз ба деген ой. Ғылым нақтылықты талап етеді. Сондықтан, зерттеу жұмысы жалғасады.

Аида Ахметбек – тілші:

Қазір елімізде ғылыми зерттеумен айналысатын 400-ден аса орталық бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 30 мыңға жуық адам ғылыммен айналысады. Оның үштен бірінің ғылыми дәрежесі бар. «Мақсат ортақ – экономикалық даму. Оған ғылымсыз жету екіталай», — дейді мамандар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close