Жаңалықтар

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінде жасөспірім көз жұмды

Фото:  © Bizmedia.kz
Қарағандыда көз жұмған 13 жасар жасөспірімнің туыстары жағдайды дұрыс бағалай білмеген ақ халаттыларды кінәлап, әділдік іздейді, деп жазды qandastar.kz

Дамир Булумбаев 21 қаңтарда денсаулығына қатысты алғаш рет шағымданған. Бір күннен кейін жасөспірімнің анасы дәрігерді үйіне шақыртады. Тексеру кезінде тамақтың қызарғаны анықталып, жасөспірімге суық тию диагнозы бойынша ем тағайындалады. Алайда аптаның аяғында оның жағдайы күрт нашарлайды. Сенбі, 25 қаңтарда анасы баласын ауруханаға өзі апарады, бірақ науқасқа суық тиюге қарсы тағайындалған ем-домды жалғастыру керектігін айтқан ол арадағылар аналы-балалыны есіктен шығарып салады. Кешке бала балтырының қатты ауырсынуы мен бір қолының ісінуіне шағымдана бастайды.

«Ауырсынуды жеңілдету үшін анасы оған массаж жасады. Жедел жәрдем шақырды. Фельдшер тамағы әлі де қызарып тұрғанын айтып, ауруды басу үшін спазмолитикалық инъекция жасады. Инъекциядан кейін Дамирдің тыныс жиілей түскен, фельдшер анасын тыныштандырып, бұл психосоматика екенін, науқасты ауруханаға жатқызуға еш негіз жоқ екенін айтқан. Келесі күні таңертең оның шап аймағында ауырсыну пайда болып, анасы жедел жәрдемге қайта қоңырау шалды. Бригада жарты сағаттан кейін келді, Дамир бұл кезде өте нашар жағдайда болды. Олар оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады, бірақ жасөспірім жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды», – деді баланың әпкесі Әлия Булумбаева.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close