Жаңалықтар

Министр Қазақстан +7-ден +997 кодына неліктен ауыспағанын айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев «+7 кодында қала беру туралы» қаулыға қатысты түсініктеме берді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

«+7-ні қолдану адамдарға ыңғайлы деп ойлаймыз. Адамдарға телефон контактілерін ауыстырмау үшін қала бергені дұрыс. Анализ бен консультация нәтижесінде осындай шешімге келдік»,- деді министр Мадиев. Ол сондай-ақ +997-ге ауыстыруға қанша қаржы кеткенін айта алмайтынын мәлімдеді. «+997-ге ауыстыруға қанша қаражат кеткенін айта алмаймын»,- деді министр. Айта кетейік, 14 маусымда «Ашық НҚА» порталында Қазақстан қандай телефон кодын қолданатыны туралы құжат жарияланды. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірленуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қою туралы үкімет қаулысында Қазақстан +7 телефон кодын пайдалануды жалғастыратыны жазылған.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close