Жаңалықтар
Кәсіпкер: Адамдар сауда орындарынан зат сатып алуды қойды, маркетплейстерді жабуды ұсынамыз
Фото: klerk.ru
Қазақстанда маркетплейстердің жылдық айналымы шамамен 1,8 трлн теңгені құрады, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Қазір отандастар ресейлік және қытайлық маркетлейстерде сауданың көркін қыздырып жүр. Бұл ретте қазақстандық саудагерлер өздеріне қолдау танытуды сұрайды.
«Сауда жоқ! Не істейміз? Қазақстанда Ozon, Temu, Wildberries-ке тыйым салуды ұсынамыз. Олар әдеттегі сауданы ығыстырды. Сауда мүлде жоқ. Адамдар зат сатып алуды қойды. Бұрын-соңды мұндай нәрсе болған емес. Жаңа жылдан басталды. Егер интернет-дүкендер сатып алушыларды тартуды жалғастыра берсе, онда біз жай ғана кәсібімізді жабумыз керек. Ол нені білдіреді, сатушылар жұмыстан шығарылады, мемлекет салық алмайды!», – деп шағымданды кәсіпкер Facebook-те.
Сауалнаманың нәтижесінде қазақстандықтардың 67% – ы Wildberries-тен сатып алатыны анықталды.