Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін ҰҚК-ге алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін ҰҚК-ге алғыс білдірді. – Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификаты тестілеуден өткізілді. ҚР ақпараттық кеңістігінің қорғалғандығы, сертификатты тек сырттан басып кіру жағдайларында пайдалануға болатындығы дәлелденді. Желі қолданушылары үшін қолайсыздық жоқ. ҰҚК-не ризашылығымды білдіремін, – деп жазды Президент твиттер парақшасында.