Әлем жаңалықтары

Қазақ-өзбек шекарасында мұнай тасымалданған туннель жойылды

Фото:Бас прокуратура

Түркістан облысында мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды, деп жазды qandastar.kz

Бір топ күдікті қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған. Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған.

Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды.

Мағыналас іс-шаралар Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймағында өткізді.

Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.

Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close