Жаңалықтар

Қазақстан «бақытты елдер» рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды

 

World Happiness Report жариялаған әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінен 49-орын алды.

Осылайша, Орталық Азия бойынша екінші орынға ие болды. Ал 47-орында Өзбекстан тұр. Былтыр бұл көрсеткіште Қазақстан 44-орынды, Өзбекстан 55-орынды иеленген еді.

«Бақытты елдер» тізімінің көшін Солтүстік Еуропа елдері бастап тұр. Бірінші орында жеті жылдан бері Финляндия тұрса, Дания мен Исландия үздік үштікке енген.

Бұл рейтингтің төменгі орынында әлі де Ауғанстан тұр. Одан бөлек, Ливан, Лесото, Сьерра-Леоне және Конго да бар.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close