Жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания пайдалы қазбаларды бірлесіп өндірмек

Қазақстандағы сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылатын болады. Лондонда маңызды минералдар саласында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Алдағы уақытта Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек жер металдарын «Жаңа мұнай» деп атап, оларды игеруді үкіметке тапсырған болатын. Маңызды міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Осы мақсатпен Лондонға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі келіп, Ұлыбританияның Бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті.

Қазақстан бойынша айтсақ қазір бізде сирек жер элементтері өте көп. 18 элеметіміз бар. Оның ішінде сегізін өңдеу мәселесін пысықтадық. Қазір жұмыс істелуде. Тағы 10 элементіміз бар. Технологиялар жоқ, бірақ пайдалы қазбалар бар. Ол үшін технологиялар керек», — дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Шархан Иран.

Бір жыл бұрын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға іссапармен келіп, маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі. Бүгінгі Жол картасы сол келісімнің заңды жалғасы.

«Жол картасында қай салада серіктестік орнатылатыны нақты жазылған. Бұл жерде мәселе өзара тиімді ынтымақтастық туралы екенін түсіну керек. Британиялықтар ресурстық базамызға қол жеткізуге мүдделі болса, біздің үкімет олардың технологияларының трансферті туралы нақты талаптар қойып жатыр», — дейді Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясов.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close