Тіркеуге тұру
Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу
Қызметті онлайн қалай алу
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Тапсырыс берушінің жеке мәліметтерін, сондай-ақ шетелдіктің және азаматтығы жоқ тұлғаның, ҚР уақытша келушінің мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу
* Онлайн тіркелу пилоттық режимде шетелдікті/азаматтығы жоқ тұлғаны жеке сапармен қабылдайтын ҚР 18 жасқа толған азаматтары үшін ғана қолжетімді.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
- Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
- Еркін нысандағы тiркеу туралы қолдаухат.