Жаңалықтар

Қазақстан тұрғын үй бағасы ең төмен 30 елдің қатарына енді

Фото: istockphoto.com

 

Numbeo көрсеткішінің деректері бойынша Қазақстан қала орталығындағы тұрғын үйдің ең арзан бағасы бойынша таңдалған 95 елдің ішінен 22-орында тұр.

Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 1 446,6 АҚШ долларына тең болып шықты. Қазір ұрыс қимылдары жалғасып жатқан Украина шаршы метрі 1 424 доллармен жоғары орында тұр.

Өзбекстандағы тұрғын үй одан да арзан — 1 257,6 доллар.

Қазақстандағы бағадан Азрбайджанда — 18%, Ресейде — бір жарым есе, Арменияда — 2,3 есе қымбат. Біздің елден төмен Грузия, Беларусь орналасқан. Ең қымбат жылжымайтын мүлік Гонконгта болды — шаршы метрі 29 637 доллар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close