Жаңалықтар
Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы жылдары педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті, деп жазады qandastar.kz
Мәселен, өткен жылы ғылыми зерттеулермен айналысатын мұғалімдердің үлесі 1,6 есе өсті, ал педагогтер арасындағы магистрлер саны рекордтық 27,9 мың адамға жетті.
Бұдан бөлек, министрлік педагогтер арасынан кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асыруды жалғастыруда.
«Білімнің сапалы болуы ұстаздың мықтылығына байланысты. Бұл білім беру институты педагогикалық зерттеулерді жүйелі дамытуға, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін күшейтуге және болашақ мамандарды дайындау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Ғани Бейсембаев.
Конференция аясында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелеріне арналған жұмыс секциялары өтті. Өңірлерден келген ғалымдар мен педагогтер үшін онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
«Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім аясында педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер алаңына айналатын педагогика ғылымын дамыту орталығы құрылатын болады»,- делінген ақпаратта.
zakon.kz хабарлағандай, бұған дейін маңғыстаулық әйелдердің 8 наурыз қарсаңында біржолғы әлеуметтік төлем алатындығы хабарланған болатын.