Жаңалықтар

Қазақстанда полицияға алатаяқ қайтарылуы мүмкін

ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне алатаяқты қайтаруға бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта енгізуді ұсынады», – делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.

Бұл ретт министрлік алатаяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды. Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.

Автор Марлан Жиембай
inform.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close