Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

Елімізде кейбір сарапшылар зейнетақы қорындағы жинақты ерте шешіп алуды тоқтатуды ұсынды. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

«Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсыныс, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60%-н құрауы керек. Екінші, ол сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату, біз бұнымен де келісеміз. Қазір көріп отырғанымыздай, ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды, сондықтан оны доғару керек», – деді Светлана Жақыпова Үкімет үйі қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің мәлімдеуінше, 3 трлн теңгеден астам қаражат зейнетақы қорынан ерте шешіліп алынған.

«Былай қарасақ, 1,5 млн адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 трлн теңгеден астам қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайларын жақсартты, денсаулығын емдеді. Сондықтан бекер жұмсалды деуге болмайды», – дейді ол.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close