Жаңалықтар

Алматыда жас келіншек есірткі таратқан

Алматы қаласының Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында синтетикалық есірткіні сақтады және таратты деген күдікпен жас келіншекті ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

— Жеке тінту кезінде одан зат салынған жиырмадан астам байлам тәркіленді, сараптама қорытындысы бойынша, ол «альфа-PVP» екені расталды. Психоактивті зат аса қауіпті есірткі санатына жатады. Сондай-ақ ұялы телефон тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Интернеттегі «оңай ақша» туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеңіз.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close