
Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қатерлі дертке шалдыққан әкесі Айтақын Бұлғақов жайлы жазған БАҚ өкілдерін сынады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Біздің басымызға түскен сынақ ерігіп отырған журналистер мен сайттарға жақсы болды-ау.
Жазғанда да тақырыбын емделіп жатқан адамға, оның әулетіне психологиялық тұрғыда салмақ салмайтындай қойса мейлі ғой…
«Көршінің үйі өртеніп жатқанда қойдың бас сирағын ұйытып алайын» деген ниеттеріңіз жақсылыққа апармайды», — деп жазды ол.
Айта кетері, танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовқа өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны белгілі болды.
Қазір Айтақын Бұлғақов ем қабылдап жатыр.


