Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Отау» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

«Отбасы Банкінің» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ағымдағы салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрғандар;
«Отбасы банкінде» кемінде 18 ай мерзімге депозиттің болуы;
Өтінім беру кезінде жинақ шотында кемінде 1 миллион теңге жинақ сомасының болуы;
Қатысушының жасы 18 жастан 63 жасты қоса алғанда;
Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде баспанасы болмауы керек;
Алматы мен Астанада тұрғын үй сатып алғанда, осы қалаларда тұруға ықтиярхатыңыз болуы керек.
«Отау» бағдарламасы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін тұрғын үй сатып алудың қосымша құралы болып табылады. Бұл қазақстандықтардың жинақтау мәдениетін нығайтуға және арттыруға көмектеседі. Өйткені, салымшыларға «Отбасы банкінен» төмен мөлшерлемемен несие алуға көмектесетін – үнемділік. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі жинақ несие мөлшерлемесін бірнеше жылдан кейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл опция сізді «несиелік шаршаудан» құтқарады.

«Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды және «Отбасы банкі» салымшыларын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.Бұл жыл сайын несиелердің жартысынан көбі 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарды қолжетімді несиелеуге бөлінеді. Бағдарламаны қаржыландыруға 150 млрд теңге бөлуге.Бұл «Отбасы Банкінің» жеке қаражаты және Қазақстанның қаржы нарығынан тартылған ақшасы.Отау бағдарламасы 7 жылға есептелген.Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың баспана мәселесін шешуге көмектесеміз. », — деді «Отбасы» банкінің басқарма төрайымы

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close