Жаңалықтар

Қазақстандағы су қоймалары қаншалықты толды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева еліміздегі ірі су қоймаларының толуына қатысты кейінгі деректерді жария етті.

«Осы сағатқа Ақмола облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинауы – 99 пайыз. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артуда. Сондықтан Ақмола облысының Атбасар елді мекенінде су тасқыны бар. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100 пайызға толы, су тасқыны жалғасуда. Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1 176 см, бір тәулікте ол 138 см-ге көтерілді. Жағдай күрделі. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр», — деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның дерегінше, Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97 пайыз. Өңірдегі жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші – 79 пайыз.

«Абай облысында Шүлбі су қоймасы 95 пайызға толды. Аймақта су тасқыны басталды. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғат қорғау іс-шаралары аясында су жіберіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 73 пайызға толы. Ириклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Оған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99 пайызға толы. Өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92 пайыз. Мұнда да су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда», — деді Мөлдір Әбдуалиева.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close