Жаңалықтар

Қазақстандық балалар рұқсатсыз фото-видеосын желіге жариялаған ата-анасын сотқа бере алады

Фото: Freepik.com

Кәмелеттік жасқа толған бала кішкентай кезіндегі фотоны желіге жарияланғаны үшін ата-анасын жауапқа тарта алады. Яғни жасөспірімге ескі фото-видеосы ұнамаса, оны парақшаға жүктеген әке-шешесінен айыппұл өндіруге құқылы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, адамның фото немесе видеосы тек оның келісімімен жариялануы тиіс. Кәмелет жасына толмаған баланың видеосын әлеуметтік желіге жүктеуге тек оның ата-анасы құқылы. Алайда «әке-шешем фотомды рұқсатсыз жариялады” десе, онда ол 18 жасқа толғаннан кейін ата-анасынан фотоларды өшіруін талап етіп, қажет болған жағдайда моральдық шығын өндіріп ала алады.

“Егер бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оның фотосуреттері әлеуметтік желілерде жарияланып, оның құқықтарына немесе абыройына нұқсан келтірілсе, өзінің ата-анасына қарсы сотқа жүгіне алады. Сот қарау кезінде нақыт жағдайларды ескереді. Яғни, бұл фотосуреттердің мазмұны қандай, қандай контексте жарияланған және моральдық зиян бар ма, жоқ па соны анықтайды”, – деді заңгер Алина Тойбай.

Мамандар балалардың фотосын жүктерде сақ болуға шақырады. Мәселен бүлдіршіннің жалаңаш немесе жартылай жалаңаш фото-видеосын жариялауға болмайды. Сондай-ақ баланың жиі уақыт өткізетін орны мен мекенжайын айғақтайтын фото салмауға кеңес береді. Өйткені алаяқтар дәл осы фото арқылы жүргенін жерін тез анықтап, өзінің арам ниетін іске асыруы мүмкін. Бұнымен қоса, оның жеке деректерін көрсететін фотоны жүктемеген жөн.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close