ЖаңалықтарСпорт
Қазақстандық параспортшы Балқаш көлін тоқтаусыз жүзіп өтті

Параспортшы Ақназар Мүтәліпов Балқаш көлін тоқтаусыз жүзіп өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz. Спортшы 20 шақырымдық қашықтықты 13 сағат ішінде еңсерген.
Алғашқы жетістігі көп күттірмеді. 2024 жылдың наурызында ол Тараз қаласында өткен жарыста 400 метрге еркін стильде жүзуден параспорт бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы ол Бурабай көлін жүзіп өтіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. 2025 жылы Мүтәліпов алдына жаңа мақсат қойды — Балқаш көлін жүзіп өту.
“Балқашты тоқтаусыз жүзіп өттім. 20 шақырым. Бұл – өзіме және бүкіл әлемге мүмкіндігі шектеулі адамның да шексіз межелерді бағындыра алатынын дәлелдеу еді. Менің мақсатым – тек жүзу ғана емес, адам рухының қандай қиындықты да еңсеруге қабілетті екенін көрсету», – деп жазды параспортшы.
Қазір Ақназар Мүтәліпов Гиннестің рекордтар кітабына өтінім беруге дайындалып жатыр. Ол осы ерекше жетістігін ресми түрде тіркеуді және халықаралық аренада Қазақстанның атынан өнер көрсетуді мақсат етеді.