Жаңалықтар

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады

Премьер-министр Олжас Бектеновтың сөзінше, төлемдерді жеке табыс салығынан босату арқылы тәсілдемені өзгерту туралы шешім қабылданды.

“Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ шегерімдер мен жеңілдіктер бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығын төлеуден босату ұсынылады. Жеке табыс салығы бойынша шығын көлемі 4,1 миллиард теңгеге тең”, – дейді Олжас Бектенов.

Жеңілдікпен тек Қазақстанда тұратын алушылар қолдана алады. Шетелге шығатын азаматтар мен Бірыңғай зейнетақы қорының мұрагерлері жеке табыс салығын төлейді.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close