Қаржы және төлемдер

Қазақстандықтар қолма-қол ақшаға көшіп жатыр

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар қолма-қол ақшаға көшіп жатыр. Мұны Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетті, деп жазды qandastar.kz.

2024 жылдың соңында қолма-қол ақша ұстайтындар саны 23-тен 38 пайызға өскен. Бір жылда қаражатты депозитте сақтағысы келмейтіндер қатары 53% артты. Капиталды бағалы қағаздарға салып не көбейтудің басқа түрлері танымал бола бастады.

Мәселен акцияларға ие азаматтардың қатары 4-тен 7,4 пайызға өскен.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, жылжымайтын мүлік нарығындағы инвестициялық белсенділік айтарлықтай артқан. Сауалнама жалпы 1500 адам арасында жүргізілген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close