Жаңалықтар

Қазақстандықтар Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ бойынша келісімшарттың ашық жариялануын талап етуде

Фото: orda.kz

«Байтақ» саяси партиясының басшылығы мен «Парасат» кәсіпкерлер альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелерінен құралған бастамашыл топ Президент атына петиция жолдады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

ulysmedia.kz жазғандай, бұл норма бірқатар заңнамалық актілерге, соның ішінде «Меншік туралы» заңға және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

«Сонымен қатар бұрын қол қойылған өнімді бөлу туралы келісімдер мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мазмұны  ашылу керек. Ол халықтың мүддесін ескере отырып, қайта қаралуы қажет» делінген жазбада.

Петицияда экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінген.

«Соңғы 30 жылда Қазақстанның мұнай өндіруші аймақтары экологиялық апат аймақтарына айналды, ал мұнай компаниялары бұл проблемаларды шешуге ден қойған жоқ. Зиянның алдын алудан гөрі айыппұл төлеуге қарай ойысып кетті» дейді петиция авторлары.

Осылайша, бастамашыл топ Президентті Әділ Қазақстанға қадам басуға шақырады. Олар халықаралық трансұлттық мұнай компанияларымен жасалған өнімді бөлу туралы келісімдердің талаптарын жария етуді және оларды Конституция нормаларына сәйкестендіруді талап етеді.

Петицияға қол қойғандар мұндай шаралар елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға және билікке деген сенімді нығайтуға септігін тигізетініне сенімді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close