Жаңалықтар

«Қазақтар ислам діні бойынша емес, тәңіршілдік дәстүрімен жерленеді»: Қазақстандық блогердің сөзі желіде дау туғызды

Фото: ашық дереккөз
Желіде қазақтар ислам діні емес, тәңіршілдік бойынша жерленеді деген ақпарат тарады. TikTok-та өзін тәңіршіл деп таныстырған қыз қазақтағы жерлеу рәсіміне қатысты жеті түрлі мысал келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның сөзінше, қазақтар мәйітті таза ислам жоралғылары бойынша жерлемейді.

“Бірінші, ислам дінінде мәйітті алғашқы күні, күн батқанға дейін жерлейді. Ал қазақтар мәйітті барлық туыстары келіп, көрісіп болған соң үшінші күні жер қойнына тапсырады. Екінші, қазақтарда келген қонақтарға қонақасы беріледі. Исламда мұндай жоқ. Үшінші, қазақта күзету деген бар. Ол қаза болған адамның басына шырақ жағу. Төртінші, қазақта қаза болған адамның жақындары жоқтау айтады. Ал исламда жоқтау айтылмайды. Бесінші, қазақтар қаза болған адамның жетісін, қырық күндігін, жүзі мен жылдық асын береді. Ислам дінінде бұған тыйым салынған. Себебі дінде бұл әруаққа сыйыну деп есептеледі. Ал исламда тек қана Аллаға мойынсұну керек. Алтыншы, исламда мазар салуға тыйым салынған. Олар мәйітті жерлеген соң кішкене төбе жасап, малтатас қойған. Жетінші, қабірді зиярат етуге, оны күтіп-баптауға болмайды. Ал қазақтарда қаржылық жағдайы жетіп тұрса зәулім мазар салып, көктас орнатады. Мазарлар көзбояушылық үшін емес жолаушыларға ауа райы бұзылған сәтте түнеуге арналған. Қазақтар мазарды киелі санап, ол жерде түнеу қауіпсіз деп есептеген”, – дейді тәңіршіл қыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close