Жаңалықтар
Келесі халық санағы қашан жүргізілетіні белгілі болды
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2019/09/скачанные-файлы-14.jpg)
Қазақстанда 2020 жылы халық санағының қашан жүргізілетіні белгілі болды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Халық санағын жүргізетін мерзім анықталды – 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығы. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілді: планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді- ол сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді; респондеттердің өздері толтыра алатын санақ қағаздары бар арнайы сайт жасалды; «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орны бар. Санақ жүргізілген уақытта халықты қолдау мен ақпараттандыруға арналған call-орталық құрылды», – делінген таратылған хабарда.
Халық санағының кейбір алдын-ала мәліметтерін 2020 жылы алу жоспарлануда.
2021 жылы халық санағының алдын-ала қорытындысын жариялау, ал 2022 жылы ақырғы қорытындысын алу жоспарлануда.
ҚазТАГ – Валентина Владимирская.