Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Көліктердің «көлеңкелі» схемасы Қазақстанды Т71 млрд шығынға ұшыратты
Фото: ашық дереккөз
Жоғары аудиторлық палата автомобильдердің көлеңкелі импортынан бюджетке едәуір шығын келгенін хабарлады. Шығын көлемі – шамамен Т71 млрд, деп жазады qandastar.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«2021-2023 жылдары жеке тұлғалардың тауарларға декларация бойынша ресімделген тауарлар импорты 6,5 есе өсті. Сонымен қатар бұл импорттың 94% – ы – Т1,4 трлн сомаға шақталған көліктер.
Көрсетілген көліктердің бестен бір бөлігі (21%) коммерциялық болып табылады: автобустар, жүк және арнайы техника. Аудит коммерциялық көлікті әкелген 3076 жеке тұлғаның (талдауға ұшырағандар санының 61%) дара кәсіпкер ретінде тіркелмегенін анықтады, сәйкесінше осы салғырттық салық түсімдерінен айырып отыр.
Бұдан басқа, кедендік декларация бойынша емес, тауарға арналған декларациялар бойынша жүзеге асырылатын жеңіл автомобильдер мен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының өзге де санаттарын елге әкелу олқылыққа әкеліп отыр», – делінген ЖАП-тың Премьер-Министр Олжас Бектеновке берген есебінде.
ҚазТАГ бұған дейін Бас прокурор Берік Асыловтың атына өтініш жазып, мән-жайды анықтауға бел буғанын білдік. Көлеңкелі экономикамен күресу және шекараны ретке келтіру функцияларын қазір ұлттық экономиканың вице-премьер – министрі Серік Жұманғарин басқарады, сондықтан редакция Үкіметтің баспасөз қызметіне Жұманғариннің атына сұрау салып, ЖАП есебіне түсініктеме беруді сұратқанын да айту қажет.
Тағы бір ескерер тұс, Жұманғариннің тағайындалуы делдалдарды жою және салықтық әкімшілендіруді ретке келтіру жұмыстары аясында орын алған-ды. Қазір мемлекеттік кірістер органдарындағы аудит те автомобильдерді заңдастыру саласындағы кемшілікті түзеп, сұр импортпен күрес аясында жүргізілуде.