Жаңалықтар
Қонаевта депутаттың көз алдында қыз суға батып кетті

Қонаевтағы жағажайда жас әйел суға батып кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қайғылы оқиға кезінде жағажайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те болған.
Оның айтуынша, жағалауда қауіпсіздікке жауапты ешкім болмаған: құтқарушылар, бейнебақылау камералары, құтқару құралдары, медициналық қызметкер жоқ. Су қоймасының жағасы жеке кәсіпкерлерге берілген.
Олар аймаққа пайда әкелудің орнына тек шлагбаум қойып, келгендерден ақша жинаумен шектеледі.
Қызды судан куәгерлер алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.
Оқиға орнына келген дәрігерлер мен полицейлер «ештеңе істей алмаймыз, судағы қауіпсіздікке уәкілетті органдар жауап береді» деп жауап берген.
Бақытжан Базарбек жағажайлардың кімге тиесілі екенін анықтап, заң талаптарын бұзғандарды жауапқа тарту үшін тексеріс жүргізуді талап ететінін айтты.