Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігінің офицері бала зорламақ болған
Фото: ашық дереккөз
Елордада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz
БАҚ беттерінде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (басқа мәліметтер бойынша – майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарады.
“Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.