Жаңалықтар

Күтпеген соққы болды: Өмірзақ Шөкеевтің ресми қызметке оралу шансына нүкте қойылды

Фото: ашық дереккөз

Кезінде Түркістан, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімі, Премьер-Министрдің орынбасары болған Өмірзақ Шөкеев енді мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарға оралмайды. Егер жеке бизнеспен айналысса және ол заңды болса, оған ешкім тиіспейді. Ал қоғамдық жұмыспен айналысса, саясат тақырыбынан барынша алыс жүргені абзал. Биыл 60 жасқа толған, зейнет жасына әлі үш жыл уақыты бар, күш-қуаты тасып тұрған Өмірзақ Шөкеевке қатысты «Сол жағалау» ұстанымы осындай болып отыр дейді, qandastar.kz DALA INSIDE дереккөзіне сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеев Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетовтермен бір қатарда тұрып, «Ескі Қазақстандағы» ең танымал шенеуніктің бірі болған еді. Ресми мансабын ол 2022 жылы Түркістан облысының әкімі ретінде аяқтады. Қол астына қарайтын Кентау әкімі Дәурен Мақажанов пара алып сотталғанда, заң бойынша Шөкеев отставкаға беруі тиіс болатын.

«Отставка бойынша берілген өтінішті Мемлекет басшысы қанағаттандырды деген хабар жеткенде бұл Өмірзақ Естайұлы үшін шынымен де күтпеген соққы болды. Ол бес күн бойы өз-өзіне келе алмай жүрді», – деп сыр шертеді, дереккөз.

Биыл «Жаңа Қазақстан» Өмірзақ Шөкеевке Түркістан облысының құрметті азаматы атағын берді. Яғни арқадан сипап, жылы шығарып салудың қалыптасқан ишарасын жасады. Енді Естайұлы өз жұмыстарымен тыныш қана айналысып, өмірінің қалған жылдарын мағыналы да мәнді өткізіп, уақытын ұрпақтарына бағыттайтын сияқты.

«Эгида Ш» операциясы қайталанбайтын болды

2022 жылы қызық оқиға орын алған. Оңтүстік өңірде белсенділігімен көзге түсіп жүрген саяси технолог Серік Байназаров Түркістан облысында әкім болып отырған Өмірзақ Шөкеевге «Эгида Ш» деп аталатын саяси пиар жоспарын ұсынады. «Осы жоспардың арқасында әкім креслосын сақтап қаласыз» деп үгіттеп, 1 миллион доллар сұраған. Мұның алаяқтық екенін бірден сезген Өмірзақ Естайұлы құқық қорғау органдарына шағымданып, іс «саяси технологтың» 5 жылға шартты сотталуымен аяқталды.

Енді Иманғали Тасмағамбетов бір жылдан кейін ОДКБ-дағы төрағалығын басқа елдің өкіліне тапсырғаннан кейін, «Ескі Қазақстандағы» А категориялы шенеуіктердің заманы толығымен аяқталмақ. Буын алмасу процесі биліктің барлық тармақтарында жүрді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close