Жаңалықтар

Қызылордада тісін жұлдырған бүлдіршін мүгедек болып қалған

Фото: medtechmarket.ru
Қызылорда қалалық орталық емхана жанындағы балалар стоматологиясына қатысты шағым түскен, – деп хабарлайды qandastar.kz

Дәрігердің салғырттығынан соң бүлдіршіннің денсаулығы сыр берген. Баланың тісі мен жағы қабынып, бірнеше операция жасатып, мүгедек болып қалған. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сот мәлімдеді.

Арада алты ай өткеннен кейін баланың жағы қайтадан ісіп, іріңдеп, ата-анасы Алматыға апарып, ақылы түрде емдеткен.

«Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті анасының шағымы бойынша емханада тексеріс жүргізген. Емханадағы дантист клиникалық диагностика хаттамасын сақтамаған. Баланың тісін стоматологтың ассистенді, медициналық орта білімді маман жұлған. Ем алдында рентгенографиялық тексеру жүргізілмеген. Төменгі жағы қабынған»-делінген баспасөз хабарламасында.

Баланың анасы стоматологиялық клиникадан моральдық, материалдық өтемақы өндіру үшін сотқа арыз түсірген. Сот клиникадан 1,5 млн теңге өтемақы өндіру туралы үкім шығарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close