Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Елордадағы сауда орталықтарының бірінде теракт жасалатыны жайлы жалған хабарлама таратқан ер адам 2 жылға сотталды.

Сонымен қатар келтірілген залал көлемі өндірілген. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы кезде астанада мұндай оқиғалар жиілеп кеткен. Биылдың өзінде 7 қылмыстық және 6 әкімшілік іс қозғалды. Ерасыл Зайнулдин, қалалық прокуратура басқармасының аға прокуроры: — ҚР ҚК 273, 274 баптарына сәйкес, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан  азаматтарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Елді әбігерге салып, жалған ақпарат таратып, сыртынан қызықтап отыратындар жеңіл жазамен құтылмайтындығы туралы қала прокуратусы ескертеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close