Жаңалықтар
«М» және «Ж»: жаңа үлгідегі жеке куәлікте қосымша деректер неге орыс тілінде жазылған
15 маусымнан бастап қазақстандықтар жаңа үлгідегі жеке куәлік ала бастағаны белгілі. Куәліктің көрнекі аймағында адамның өзі туралы, атап айтқанда оның жынысы туралы ақпарат көрсетілген. Құжатта жынысы туралы дерек орыс тілінде «м» (мужчина) және «ж» (женщина) әрпімен белгіленген,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Ішкі істер министрлігінің өкілдері ресми жауапта
құжаттың жаңа үлгісінде бұрын чиптің ішінде болған деректер жаңа үлгідегі куәліктің бетінде көрсетілетінін мәлімдеді. «Қазақстан республикасының азаматы паспортының, Қазақстан республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 491 бұйрығы бекітілді. Осыған байланысты биыл 15 маусымнан бастап Қазақстан республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі әзірленіп, беріле бастады. Жаңа дизайндағы жеке куәліктің көрнекі аймағында адамның өзі туралы, атап айтқанда оның жынысы және азаматтығы туралы қосымша ақпараттар енгізілген. Бұрынғы нұсқада аталған мәліметтер құжаттың чипінде және оның машинада оқылатын аймағында кодталған түрде болған еді», – делінген жауапта.