Жаңалықтар
Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді

Фото: ашық дереккөз
Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді, деп жазды qandastar.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов маңызды құжаттағы түзетулерді тізбелеп берді. Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін 78,6 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету (20 000 АЕК-тен 3 800 АЕК-ке дейін);
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру.
Бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% болып белгіленеді; Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.