Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

 

Санжар Жаркешов:

ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды; 

ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, Қашаған газын өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту мәселесі жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close