ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Мемлекетке шығын: Алматыда құрылыс саласына қатысты заң бұзушылықтар анықталды

Фото: ашық дереккөз

Антикор жер мәселесіне қатысты бақылаушы органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғанын хабарлады, – деп жазады qandastar.kz

Атап айтқанда, жерді мақсатты пайдалануға қатысты шешімдерде  жүйесіздік бар.

«Алдымен тұрғындарға жердің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат берілмеген. Бірақ артынша оң шешім шыққан. Оған актілердің Жер кодексінің нормаларына сәйкес келмеуі және тағы бірқатар олқылықтар дәлел болып отыр»,  – делінген жауапты ведомствоның мәліметінде.

Антикор Алматы қаласының бас жоспары 2011 жылы өзектілігін жоғалтқанын алға тартады. Ал ол әкімдіктегілерге жер телімдерінің нысаналы мақсатын өз қалауы бойынша өзгертуге, жер иелеріне кадастрлық құн айырмасын төлемей, тұрғын үй мен кешендер салуға жол ашқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close