Жаңалықтар

Мемлекеттік марапат алған әскерилер тізімі

Ақорда Отан қорғаушы күніне орай Президенттің қолынан мемлекеттік наградалар алған азаматтар тізімін жариялады.

І дәрежелі «Даңқ» орденімен Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы; Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы – Ақтөбе облысының прокуроры.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Раисов Ұлан Ермұханұлы – Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; Далматов Қанатай Жорабекұлы – Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі; Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы – Жамбыл облысының прокуроры. Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Головин Олег Павлович – Петропавл қаласының полиция басқармасының инспекторы; Таңатаров Бауыржан Омарұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері Штаб бастығының орынбасары; Доскенов Амангелді Серікұлы – Ақмола облысының Ерейментау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы; Сақ Ұлықбек Мұратұлы – Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары; Ғалымов Жандос Жанатұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі; Насихан Роман Серікұлы – Атырау облысының Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің инспекторы; Оразов Дінмұхамед Ғабитұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі; Омаров Диас Кәкімұлы – Жетісу облысының Талдықорған қаласы полиция басқармасының инспекторы. Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Тәжіғұлов Нұрболат Тастемірұлы – Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

«Құрмет» орденімен Кубекова Аина Жадырақызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің департамент басшысы.

«Ерлігі үшін» медалімен Топалов Әміржан Мерекеұлы – Қостанай облысының Қарабалық ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі; Құсман Әділ Думанұлы – Абай облысының полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Өтеуов Ерлан Өтеуұлы – Бас прокуратура Қызмет бастығының орынбасары; Стрелков Федор Николаевич – Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бастығының орынбасары; Ілияс Серік Аманкелдіұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары; Ақарбеков Мейірхан Сапарханұлы – Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің рота командирі; Өтенов Сәкен Сексембайұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі; Ирубаев Ренат Маратұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға офицері; Мұратбеков Дулат Тілемісұлы – Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі; Серіков Әділет Алмасбекұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі; Әбдікәрімов Тілек Думанұлы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close