Жаңалықтар
Министр: Тарифтің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты
Фото: Caravan.kz
Ұялы байланыс операторлары базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Бұл туралы Сенат кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп жазды qandastar.kz
«Байланыс операторларына талап қойылғаны дұрыс. Біз де Үкімет ретінде талапты күшейтіп жатырмыз. Секундына минималды мегабит көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізу бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. Біз Кәсіпкерлік кодекс бойынша бағаларды реттей алмаймыз. Тыйым салу мүмкін емес, әйтпесе, олар қалай инвестиция салады? Ұялы байланыс операторлары базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты», – деді министр.