Жаңалықтар
ЮНЕСКО ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ЮНЕСКО ұйымы дәстүр мен мәдениетке бай қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін мерейлі мерекемен барша қазақ жұртын құттықтады. Құрылым басшылығы: «Ұлттық киім – тек атаулы күндерде емес, күнделікті өмірде қолданыста болуы тиіс мәдени мұра», – дейді.
Қауымдастық «Наурызнама» тұжырымдамасын ерекше бағалап отыр. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы да Ұлттық киім күнін атап өтуді қолдайтынын жеткізді. Эрнесто Оттоне, ЮНЕСКО бас директорының орынбасары: – Ұлттық киім – әлемдегі қауымдастықтар мұрасының дәстүрге бай көрінісі. Қазақстанда шапаннан бастап тақияға дейін әлі күнге қолданыста болғаны қуантады. Ал қазір жергілікті дизайнерлер бұл дәстүрді қайта жаңғыртып, ұлттық киімге жарасымды өң беріп, заманауи нұсқада ұсынып жүр.